Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда 78 пәтерлі 2 үй салынады

Сырдарияда 78 пәтерлі 2 үй салынады

Алдағы уақытта Сырдария ауданында 78 пәтерлі 2 үй салынады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін аудан орталығында 18,0 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
«Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталының құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын. 2018 жылдың қараша айында 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы толығымен аяқталып, аудан тұрғындарына тұрғын үй кезегіне сәйкес мұқтаж жандарға 42 пәтер берілді», – деді Ғани Қазантаев.
Дәл осындай №1,2 тұрғын үйлер құрылысын 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.
Сонымен қатар, №5,6 үйлердің жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл жоба наурыз айында республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылмақ.
31 қаңтар 2019 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области