Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім саласын цифрландыру қарқынды түрде жүргізілуде

Білім саласын цифрландыру қарқынды түрде жүргізілуде

Облыста 293 мектеп кең жолақты интернетке 100% қосылып, WI-FI–мен қамтамасыз етілген. Барлық мектептер «Күнделік» электронды жүйесінде жұмыс жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 8096 дана компьютерлер жаңартылған. Сонымен қатар мектептер 156 жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен, 92 робототехника кабинеттері алынды.
«Облыстағы 9 Оқушылар үйі «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» кабинеттерімен жарақтандырылды. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі–«IT-iMAQORDA» ресурстық орталығы ретінде ашылды. 23 шағын жинақталған мектептер BilimBook кешенімен қамтамасыз етілді»,- деді Майра Мелдебекова.
Осы аталған білім саласын цифрландыру шараларына 2018 жылы 1,5 млрд теңге облыстық бюджеттен бөлінді.
30 қаңтар 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области