Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ОЗАТ ЕҢБЕККЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ


    Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың қатысуымен бүгін Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жыл қорытындысымен озат еңбеккерлерді марапаттау рәсімі өтті.
    Сыр елінің ризығына айналған ақ күріштен тау тұрғызған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1163 гектар жерге Сыр маржанын егіп, әр гектардан 67 центнерден астық жинап, жылды зор табыспен аяқтады. Жер ананың жомарттығының арқасында жаздайғы маңдай тердің берекелі биігіне шыққан «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің озат еңбеккерлерін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов марапаттап, автокөлік кілтін табыстады.
    Озат еңбеккерлер қатарында «Таң ЛТД» ЖШС-нің агрономы Е.Ақбергенов, 45 гектардың әр гектарынан 80 центнерден өнім алған күрішші Ж.Шондыбаев, 500 гектардың әр гектарынан 70 центнерден өнім алған Мырзабай ахун ауылының тұрғыны Е.Базарбаев, үздік шаруашылық механизаторы С.Құлахметов бар.
    Осылайша Жалағашта Жер-Ана ырзығын төкпей-шашпай жинап алған диқан қауымы зор қуанышқа кенелуде.






22 қараша 2017 ж. 237 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области