Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Нобель» сыйлығын алған тұңғыш қазақ кім?

«Нобель» сыйлығын алған тұңғыш қазақ кім?


Неге айтпаймыз?
Google іздеушіге ««Нобель» алған тұңғыш қазақ» деп жазып көріңіз, Раманқұлов Достай Төлемішұлы деген қазақтың есімін тауып береді, деп хабарлайды weekend.bugin.kz.
Әлемде қандай жаңалық болып жатқанын түк қалдырмай беруге тырысатын Google тапқан қазақ туралы, оның тұңғыш Нобель алғанын неге айтпаймыз, неге жазбаймыз?
1960 жылы Түркістан топырағында дүниеге келген Достай Төлемішұлы туралы толық дерек аз. Қазір біз таң қала жазып отырған қазақ Вена қаласында тұрады. Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің түлегі. Мәскеуде білім алған азамат. Отбасы бар.
Еліміздегі Атом қуаты жөніндегі комитет құрылған кезден бастап жұмыс жасаған. Бұл ғана емес АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінде ғылыми-техникалық жағынан кеңесші болып та жұмыс атқарған. Ал тұңғыш «Нобель» сыйлығын 1998 жылы МАГАТЭ ұйымында жұмыс істеп жүріп қол жеткізген.

Неге атаусыз қалды?
«Нобель» сыйлығын алған Достай Раманқұлов туралы Сәлімгерей Сұлтанғалиев Ақтау қаласының құрметті азаматы Совет Татамбаевтың естеліктерінен келтіріп былай дейді:
«…Бүкіл дүниежүзі бойынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның Бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталды. Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Д.Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейінірек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 пайызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен күреске аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Раманқұлов – Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар».

Қазақ халқының да білім мен техникадан кенже қалмағанын Достай сынды азаматтарға қарап аңғаруға болады. Басына алтын құйып "Нобель" сыйлығын өзі болып алмаса да, 11 адамның ішінде лауреат атану мақтаныш емес пе? Жер бетінде 7 миллиард адам болса, соның ішінде тек онға жетер-жетпесі алатын бұл сыйлықты енді "қазақ әлі алған жоқ" деп айтуға ауыз бармайды.

24 қаңтар 2019 ж. 493 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области