Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2019 жылдың наурыз айынан бастап салық амнистиясы басталады. Оған кім ілігеді?

2019 жылдың наурыз айынан бастап салық амнистиясы басталады. Оған кім ілігеді?

Бүгінде шағын және орта бизнеспен шұғылданатындардың төленбеген салығы көбейген, деп хабарлайды informburo.kz.


Өсімпұл мен айыппұлға амнистия сол үшін қосылған. Қандай жағдайда есептелмейді?
5 қазанда Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын беруді тапсырған болатын. Бұны жұрт қол соғып, қуана қабылдады. Мемлекеттік кірістер комитеті дереу нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге кірісіп кетті. Шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндірулер жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі қарыздарын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеу керектігін ескертті.

Салық түгелдей кешірілмейді
Наурыз айынан бастап негізгі қарыздың үстіне қосылған өсімпұл мен айыппұлдар ғана есептелмейді. Оның өзі – кәсіпкерлер үшін үлкен жеңілдік.
ҚР Конституциясының 35 бабында былай делінген: "Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады". Сол себепті салығын төлемеген әрбір азамат заң алдында жауап береді.

Рақымшылыққа 90 мың кәсіпкерлік ілініп отыр
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, шағын және орта бизнес пен заңды тұлғалардың мемлекетке қарызы – 340 млрд теңге. Негізгі қарызы – 210,4 млрд. Осы берешек төленген жағдайда 122,9 млрд теңге өсімпұл және 7,3 млрд теңге айыппұл есептен шығарылады.
Берешегі барлардың 70 пайызы корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуі керек. Сауда саласындағылар 123,3 млрд теңге, құрылыста 98,1 млрд теңге, тау-кен қазу өнеркәсібі 35 млрд теңгені қайтарса, екі жаққа да ұтымды болар еді.



22 қаңтар 2019 ж. 230 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области