Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУ АЙДЫНДАРЫН БАЛЫҚТАНДЫРУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

СУ АЙДЫНДАРЫН БАЛЫҚТАНДЫРУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ


    Биыл жыл басында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен «Қамыстыбас балық питомнигі»  арасында «Мемлекеттік сатып алу бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту бюджеттік бағдарлама» туралы келісім-шарт жасалған.    
    Осының негізінде, Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кәсіпорындары «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын балық шаруашылығы су айдындарына питомникте өсірілген  балық шабақтарын жібереді.
    Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бұйрығының негізінде, РМҚК «Қамыстыбас балық питомнигінде» балық шаруашылығы су айдындарына жіберілетін балық шабақтарының есебін алу үшін комиссия құрылып, осы жылдың қыркүйек айында олардың қатысуымен шабақтарды суға жіберу науқаны басталды.
    Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигінде» тұқы, ақамур, дөңмаңдай балығы өсіріледі. Осы жұмыстарды жүргізу үшін жалпы көлемі 263 гектар болатын тоған шаруашылығы ұйымдастырылған. Тоғанға электронасоспен тұрақты түрде су беріліп, үнемі ауыстырылып тұрады.
    Р. САДУАҚАСОВ,
    Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және
    жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы.


22 қараша 2017 ж. 277 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области