Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда міндетті екпелер тізімі тағы бір вакцинамен толығады

Қазақстанда міндетті екпелер тізімі тағы бір вакцинамен толығады

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен міндетті екпелер тізімі тағы бір вакцинамен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2020 жылдан бастап екпе кестесіне 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға арналған жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу екпесі ата-анасының рұқсатымен салынады. Ал 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер үшін скринингтік тексерістер жалғасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылды жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы күрес жылы деп жарияланған. Қазақстан да бұл бастаманы қолдап отыр.
Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі:
- 2018 жылы елімізде онкологиялық дертпен күрес жөнінде кешенді бағдарлама жасалып, оны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан 35 млрд теңге бөлінді. Осы сомаға аймақтарда жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, компьютерлік томографтар, МРТ аппараттары орнатылады. Шалғай өңірлерде жетіспейтін сәулемен емдеу терапиясына қажетті бөлімдер ашылады. Папиллома вирусын анықтайтын кабинеттер іске қосылады. Ол үшін үкіметтен қосымша қаржы бөлініп отыр. Бағдарлама аясында отандық ғылымды дамытуға да қаржы қарастырылған.

Мамандар елімізде соңғы уақытта бұл дерттің жасара түскенін айтады. Республикамыздағы әрбір бесінші әйел қатерлі ісікке шалдыққан. Енді елімізде папиллома вирусына қарсы екпе мектеп жасындағы қыздарға салынып, 2020 жылдан бастап біртіндеп қолданысқа енгізілетін болады.
Толқын Садықова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкогинеколог дәрігері:
- Ең жиі кездесетін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Қостанай. Осы аудандарда, облыстарда жатыр мойының қатерлі ісігі өте жиі кездеседі. Әйелдер дер кезінде дәрігерге барса, қаралса, цитологиялық зерттеуден өтсе, біз ісік алды ауруларын дер кезінде анықтаймыз, олардың жатыр мойнын емдеп жібереміз әрі қарай олар бала көтеруге де, босануға да болады, сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ.
22 қаңтар 2019 ж. 376 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области