Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «BAIKONUR START-UP» БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

«BAIKONUR START-UP» БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА


    Қызылордада «Baikonur Start-up» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр.  Байқауға Қызылорда қаласының және Қызылорда облысының барлық аудандарының жас тұрғындары (18 бен 29 жас аралығы)  қатыса алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков мәлімдеді.
    Оның облыстық «BaikonurStar-up бизнес-идеялар байқауын өткізудің негізгі идеясы, инновациялық қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы, неғұрлым талантты және әлеуметтік жауапты жастарды анықтау және қолдау, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
    Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 5 желтоқсанына дейін 401057a@gmail.com электрондық мекен-жайына толтырылған қатысушы өтінімін жолдау қажет.
    – «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауы Қызылорда облысы жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту мақсатында өткізіледі. Байқауды өткізудің негізгі идеясы талантты, әлеуметтік жауапкершіліктері бар, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ  бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқау бизнес-идеяларды бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді, – деді кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Болатбеков.
    Брифингте өңірде ең белсенді және перспективалы жастарды айқындау, жаңа бизнес ашуға қолдау көрсетуге жағдай жасау, өңірлік деңгейдегі қызықты идеяларды және жобаларды айқындау және әзірлеу, өз бизнесін құруға дайын жас кәсіпкерлер қозғалысын қалыптастыруды көздеген байқауға қатысудың талаптары жайлы да айтылды.
    Өтінімдер белгіленген мерзімде, облыс әкімдігінің ресми сайтында орналасқан үлгі бойынша ұйымдастырушының электронды мекен-жайына (401057a@gmail.com) қабылданады. Мерзімнен кейін тапсырылған өтінімдер, қарастырылмайды. Қатысушылар өтінімге өз қосымшаларын тіркей алады. Қосымшаға шектеулер және арнайы форма жоқ.
    Ол үшін қатысушыларға өзінің бизнес идеясын қорғау үшін алдын-ала презентация әзірлеп қою қажет.

22 қараша 2017 ж. 272 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области