Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ГРАНТ ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ

ҚАРМАҚШЫДА ГРАНТ ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ


    Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында Қармақшы ауданы бойынша 32 білім ұйымы жұмыс жасады.
    Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13973 оқушы білім алады. Бұл туралы осы жылғы 10 айды қорытындылаған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
    Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талапқа сай.  
    2016-2017 оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%) Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,0 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты.
    Облыс көлемінде ең жоғарғы 136 балл  жинаған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Дәурен Отарбай аудан мақтанышы.
    2016-2017 оқу жылының қорытындысымен 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. Бүгінгі күні 624 бітірушіден барлығы 276 оқушы (бұл ҰБТ-ге қатысқан бітірушілердің 56,2%) жоғарғы оқу орындарының грантын иеленсе, 173 (35,2%) бітіруші  жоғарғы оқу орындарында ақылы түрде оқитын болды.  Ал 160 (25,6%) бітіруші арнаулы оқу орындарына түсті.
    Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде  9 оқушы жүлделі орындар алды.  Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Биылғы  жылы «Мектепке жол»  акциясы  «Менің таңдауым-балаларға  көмек көрсету!» ұранымен өткізіледі. Аз қамтылған және  көпбалалы  отбасылардан  шыққан,  жетім  балалар мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған  оқушыларға  жаңа  оқу  жылына  дайындық  кезеңінде  және   әлеуметтік    себептер  бойынша  балалардың  мектепке  бармауының  алдын алу  үшін  материалдық  және  басқа да  көмек  көрсету мақсатында  аудан бойынша 147 оқушыға 2 млн. 793 мың теңге көлемінде көмек берілді.

22 қараша 2017 ж. 165 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области