Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер

14 қаңтар: оқиғалар мен атаулы күндер


1918 жылы
«Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталған комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.

1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.

1992 жылы Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркілердің ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім буралы» Заңы жарияланды

2002 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданын Ғабит Мүсірепов атымен атау туралы Жарлыққа қол қойды.

2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Құжат төтенше жағдайдың құқықтық режимін жетілдіруге бағытталған.
14 қаңтар 2019 ж. 256 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области