Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 10 мыңға жуық адам психикалық орталықтың есебінде тұр

Қызылордада 10 мыңға жуық адам психикалық орталықтың есебінде тұр

Қызылорда облысы бойынша былтыр 10 мыңға жуық адам жүйке ауруларымен арнайы есепке алынған, деп хабарлайды «Kyzylorda-news.kz» АА «Qyzylorda» телеарнасына сілтеме жасап.


Мамандардың айтуынша, облыс бойынша түрлі деңгейдегі жүйке ауруларымен 9915 адам психикалық орталықтың есебінде тұр. Былтыр 815 науқас есептен шығарылса, соның 215-і сырқатынан құлан таза айығып, дәрігерлердің оң шешімін алған.
Облыс көлеміндегі көрсеткіш бойынша жүйке ауруларына шалдыққандар 2017 жылы 100 мың адамға шаққанда 50,8 пайыз болса, былтыр 71,5 пайызды құраған. Яғни, аурушаңдық деңгейі төмендемей тұр.
Аурушаңдықтың көбеюінің өзіндік себептері де бар. Оған ең алдымен адамдардың тұрмыстық жағдайы әсер етуде. Әлеуметтік жағдайының қиындауынан күйзеліске түсіп, жүйке тоза бастайды. Дер кезінде дәрігерге қаралмағандар жүйке аурулары сырқатына шалдығады.
«Кейбір адамдар психиатрға келуге ұялады, енді кейбірі қорқады. Психиатрға көрінгеннің өзінде бізді есепке алып қояды. Әрі қарай жұмысқа тұруға кедергісін келтіреді немесе басқада мәселелерге қатысты көріне бермейді. Оның орнына емші жағалап немесе басқа да жолдарын іздейді. Невроз жағдайында жүрген адам уақытында емін алмағандықтан әрі қарай психиозға айналып кетуі мүмкін. Көбіне мұндай адамдар ауруын асқындырып барып келеді. Олардың бірі 1 айға жуық емделсе, енді бірі 10-15 күн емделуі мүмкін. Дер кезінде келген науқасты біз есепке аламыз, уақытылы емін алып, сырқатынан айыққан адамды есептен шығарамыз», - дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Нұрлан Нұрпейісов.

Өңірде жүйке ауруына шалдыққандардың саны уақыт санап көбейіп келе жатқанынан болар, өткен жылы облыс орталығындағы 4 емханада психиатр дәрігерлерінің кабинеті ашылды. Енді жүйкесі сыр берген адамдар арнайы орталыққа бармай-ақ өзінің тұрғылықты мекен жайына қарасты емдеу мекемесінен дәрігерлер көмегіне жүгіне алады.
«Қазір көптеген адамдарда психологиялық проблемалар туындап жатыр. Соларға барынша көмек беруге тырысамыз. Күнделікті бізге 15-20 адам келіп қаралады. Оларға кеңес беріледі, емдік шаралар жүргізіледі», - дейді №4 алғашқы психикалық денсаулық орталығының аймақтық дәрігер-психиатры Алмас Әуезов.

Осы орайда айта кетерлік жайт, биылдан бастап жүйке ауруымен есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығынан берілетін болды.
12 қаңтар 2019 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области