Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада масаң күйде жүрген инспекция басшысы жазаланды

Қызылордада масаң күйде жүрген инспекция басшысы жазаланды

Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық аумақтық инспекция басшысына Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін ескерту түріндегі тәртіптік жазасы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің хабарлауынша, еліміздің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық орында масаң күйде жүрген. Осыған орай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Оған аудандық соттың қаулысымен 6012 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында аудандық аумақтық инспекцияның басшысының тәртіптік ісі қаралды.
«ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» 5-тармағының 13- тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуі тиіс» деп көрсетілген. Сондай-ақ, сол кодекстің 7-тармағының 1-тармақшасында «Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс» деп көрсетілген», - деді Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Тәртіптік істі қарау нәтижесімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысына ескерту түріндегі тәртіптік жазасы берілді.

10 қаңтар 2019 ж. 404 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области