Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИЛІК БИЗНЕСКЕ БІР ТАБАН ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

БИЛІК БИЗНЕСКЕ БІР ТАБАН ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ


    Қараша айының басында Кәсіпкерлер палатасында өткен бизнес өкілдерімен кездесуде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жер қатынастары, архитектураға қатысты комиссия отырыстары тоқсанына бір рет Палатаның алаңында, кәсіпкерлердің қатысуымен өтетіндігін жеткізген болатын.
    Осыған орай тұңғыш рет Сәулет және қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы Палата алаңында өтті.
    – Қазір бизнеске қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігі бірлескен, әріптестік қатынаста тығыз жұмыс жасауда. Мәселен, жер қатынастары саласы бойынша бірнеше жылдан бері кәсіпкерлер кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдері үшін өткізілетін аукциондар туралы ақпаратқа қол жеткізе алмай жүргендіктерін айтып, шағымданып келген болатын. Осы жылдан бастап, республика бойынша тұңғыш рет, жер телімдеріне арналған аукциондар Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтетін болып шешілді. Алғашқы шара жақында ғана, қараша айында өтті. Бұл қадам кәсіпкерлер арасында оң резонанс тудыруда. Енді, міне, Сәулет-қала құрылысы кеңесінің отырысы Палата алаңында өтті. Бұл жариялылық пен ашықтықтың нақты көрінісі деп білемін. Және қала кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп отырған қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы бастаған командаға алғысымды білдіремін, - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.
    Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтовтың төрағалығымен өткен Кеңес отырысында 10 кәсіпкердің өтініші қаралып, 8-і оң шешімін алды. Ал қалған екеуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
    Кеңес отырысында оң қорытынды алған жобалардың бірі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында «Туран Логистикс» ЖШС тарапынан салынатын логистикалық орталық жобасы болды. Жер учаскесінің көлемі - 5 гектар. Кешенде 72 орынға арналған қонақүй, кафе, сауда павильоны, жанар-жағар май құю станциясы, көлік жуу ғимараттарының құрылысы жоспарланған. Кеңес мүшелері кешеннің шығыс және ұлттық сәулет өнерін барынша қолдана отырып жобаланған қасбетіне жоғары бағасын беріп, жобаны өміршең деп тапты.
    Қалған 7 жоба да осындай ерекшеліктерімен көзге түсіп, тиісті нормаларға сай болғандықтан, оң қорытындыға ие болды.


21 қараша 2017 ж. 180 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области