Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар, жауын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, түнде екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

09 қаңтар 2019 ж. 217 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области