Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ - БАСТЫ МАҚСАТ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ - БАСТЫ МАҚСАТ


    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай Студенттер сарайында «Бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың өзекті мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі өтті.
    Ғалымдар басқосуына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, биология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Әбдірәсілов, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Джон Сын Мин және Ресей, Бельгия, Түркия мемлекеттерінен келген профессорлар мен университеттің оқытушылары және білім алушылар қатысты. Жиынға университет ректорының міндетін атқарушы, т.ғ.д., профессор Қылышбай Бисенов модераторлық етті.
    Ресей Федерациясы «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті бағдарламалау инженериясы департаментінің профессоры, т.ғ.д., Елена Черткова «Университеттерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды басқару», Ресей халықтар достығы университеті кибернетика және мехатроника департаментінің профессоры, т.ғ.д., Асхат Дивеев «Робототехникалық құрылғыларды басқарудың интеллектуалды жүйесін синтездеу әдістері», философия докторы (PhD), профессор, Бельгия Корольдігі Қолданбалы ғылымдар университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Фредерик Д.Улстер «Бельгияның қолданбалы ғылымдар университеті: қазіргі заманғы білім беру тәсілдерін ендіру жолында», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, философия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры Ұлықпан Сыдықов «Әлемдік ақпараттық кеңістікте болашақ мамандардың ұлттық рухын қалыптастыру мәселелері», экономика докторы (PhD), Түркия Республикасы Cакария университетінің қауымдастырылған профессоры Өздемир Мұстафа Чаглар «Инновациялық және кәсіпкерлік университет: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің стратегиясын жоспарлау тәжірибесі», тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Аржанцева «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық және болашақ мамандарды даярлау: Жанкенттегі археологиялық жоба», педагогика ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті педагогика және психология кафедрасының профессоры Шәрбан Майгелдиева «Рухани жаңғыру-қазіргі білім берудің негізі» тақырыбында ғылыми баяндамаларын жасады.





21 қараша 2017 ж. 215 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области