Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өткен жылы Қызылордада еңбек өнімділігі өсті

Өткен жылы Қызылордада еңбек өнімділігі өсті

Өнеркәсіп салалары бойынша өсім тау-кен өнеркәсібі (өсім 9,1%-ке) мен сумен жаблықтауда (өсім 3,3%-ға) байқалып отыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік жетекшілік ететін экономиканың негізгі салалары бойынша биыл бірінші жартыжылдықта оң динамика байқалады.
«Көлік саласында көрсеткіш - 3,1%, құрылыста - 9,3%, өнеркәсіпте көрсеткіш 4,3%-ке өсті. Сондай-ақ, өнімділік машина жасауда 11,5%-ке, химия өнеркәсібінде 9,2%-ке және жеңіл өнеркәсіпте 1,6%-ке ұлғайды», - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, министр еңбек өнімділігін арттыруға кедергі болатын бір факторды атады. Ол өңдеу өнеркәсібі салаларындағы технологиялық деңгей. Яғни, кәсіпорындар әлі толық автоматтандырылған жүйемен жұмыс істеп жатқан жоқ. Дегенмен, 2018 жылдың жартыжылдығында 9 өңірде еңбек өнімділігі өсті. Олар: Қызылорда (153,9%,), Батыс Қазақстан(126,3%), Маңғыстау (122,9%), Қостанай (108,7%), Ақтөбе (105,3 %), Павлодар (104,7%), Ақмола(104,2 %), Қарағанды (100,2%) облыстары және Алматы қаласы (108,0%).
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыру мәселесіне қатысты ұсынысын да айтты.
«Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 80 процентінен астамы қол еңбегін немесе жартылай автоматтандырылған өндірісті қолданып отыр. Яғни, әлі автоматтандыруға көшу кезеңінде. Осыған байланысты, біріншіден, қаржылық қолдау құралдарын дамыту арқылы кәсіпорындарды жаңғыртуды инвестициялауға ынталандыру қажет. Көлемі мен ұзақ мерзімді қаржыландыру қолжетімділігін арттыру, озық жабдықтар мен технологияларды пайдалану тұрғысынан мемлекеттік қолдау алатын жобаларға қойылатын талаптарды күшейту керек. Екіншіден, өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жоспарланған шараларды іске асыруды жалғастыру, оның ішінде кәсіпорындарға қойылатын технологиялық талаптар мен стандарттарды арттыру мәселелері бар», - деді министр.
Айта кету керек, еңбек өнімділігі Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының негізгі индикаторларының бірі болып айқындалды.
03 қаңтар 2019 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области