Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

АРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ


    Арал ауданына биыл медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында бірнеше  арнайы  құрал-жабдықтар жеткізілді.  Оның  ішінде  ең  маңыздысы - «ВВNURA» гемодиализ орталығының  ашылуы  болды. Қазіргі таңда, шипа іздеген  жерлестеріміз алысқа ұзамай, осы  орталықтан  тиісті емдерін  алып жатыр, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Сондай-ақ, биыл  жаңа типтегі аудандық  орталық  аурухана  құрылысы басталды.  Құны  4,5  млрд  теңге болатын құрылысқа   биыл жылға  1,1  млрд. теңге бөлініп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
    Ауданда 2017 жылдың 10 айында 1415 бала туылып, туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр.
    Жыл басынан бері қан айналымы жүйесі аурулары бойынша алғаш рет тіркелген аурулар саны 3446-дан 2477-ге дейін азайған.  
    Туберкулез ауруымен былтырғы жылдың 9 айында алғаш рет тіркелгендер саны 36 болса, биылғы жылдың 9 айында 35 –ті құрап, ауру көрсеткіші төмендегені байқалады.  

21 қараша 2017 ж. 315 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области