Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ


    Жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күніне орай Қызылорда облысы көлемінде акция өтті. Апталық аясында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бастаған топ №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушыларына «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында кездесу жиынын өткізді.  Сонымен қатар облыс орталығында орналасқан №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатында тәрбиеленетін 10-12 жас аралығындағы бүлдіршіндерге  жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме сабақтарын жүргізіп, олардың ата-аналарына «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, көрнекі үгіт-насихат құралдары таратылды.
    Сондай-ақ, Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің ғимаратынан бастап жол-патрульді полициясы қызметкерлерінің алып жүруімен Қызылорда қаласының орталық көшелерімен қара түсті жеңіл автокөліктер қосылған автоколонна жүріп өтіп, халыққа жол апатынан құрбан болғандар жөнінде статистикалық мәліметтер мен жолда жүру ережесін қатаң сақтауға шақыратын хабарламаларды дыбыс күшейткіш құралдары арқылы ұранды сөздермен жеткізді. «Мәңгілік алау» алаңында ақ-қара түсті шарларды ұшырды.
    Жыл сайынғы үрдіс бойынша Жергілікті полиция қызметінің аппарат қызметкерлері мен жол-патрульдік полицейлері қан тапсыру акциясын ұйымдастырып, ауыр науқастағы жандарға донорлық көмек көрсетті. Бұл акцияда барлығы 100-ге жуық қызметкер ат салысты.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі








21 қараша 2017 ж. 190 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области