Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Бекбауыл ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Арал ауданының Бекбауыл ауылдық округінде мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде жыл басынан бергі денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. Жаңа амбулатория халықтың дертіне шипа табатын құтты орын болсын деп лебізін білдірді.
Ауыл ақсақалы Ш.Мыршаев сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Бекбауыл ауылының тұрғындарына дәрігерлік көмек бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болатын. Амбулаторияда 10 медицина қызметкері жұмыс жасайды.
Жаңа амбулатория заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақирек ауылдық округінде медициналық бекет пайдалануға берілген болатын.



28 желтоқсан 2018 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области