Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДА 3 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДА 3 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА


    Қармақшы ауданында осы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 4 млн 902 мың теңге қаралып, «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 млн 200 мың теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Былтыр қараша айында «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. 2017 жылы жастар ресурстық орталықтың құрылуына байланысты штат бірліктерін ұстауға (барлығы 5 штат), коммуналдық шығындарына және материалдық техникалық базамен қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 10,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Жеке дербес ғимарат берілді.
    «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» жүргізген есеп қорытындысына сәйкес аудан көлемінде  жыл басында NEET санатындағы жастардың саны 471-ге жеткен. Бұл азаматтар жастармен ұйымдастырылатын барлық шаралар мен жобаларға тартылды.
    Айта кетейік, Қармақшы ауданы бойынша 14-29 жас аралығында 11609 жас тіркелген. Бұл аудан тұрғындарының 21,6 пайызын құрайды. Өңірде  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында «Қармақшы Жастары», «Қорқыт елі-Қармақшы» және «Төретам Жастары» 3 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды.

21 қараша 2017 ж. 331 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области