Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ


    Қармақшы ауданында жыл басынан бері  қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 25 млн 683 мың теңге қаржы қаралды. 2017 жылы 339 жұмыссыз азаматтар жіберіліп, 18 млн 58 мың теңге қаржы игеріліп отыр. Бұл туралы аудан әкімі С.Мақашов мәлімдеді.
    Оның айтуынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 2742 адам хабарласқан. Олардың барлығымен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде: 29 адам өзін-өзі қамтығандар, 2713 адам жұмыссыз.
    - Бағдарламаның І - бағыты  бойынша 2017 жылға қайта даярлау курсына 250 адам жоспарланса, 2017 жылдың 9 айында 100 адам оқуға жолданды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаралған 33 млн 728 мың теңгенің  14 млн 908 мың теңгесі игерілді. Бағдарламаның ІІ - бағыты  бойынша 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, қазіргі күні, 31 жоба 83,7 млн теңгеге несиелендірілді. Қосымша қайтарылған қаржы есебінен реинвест арқылы 25 адамға 70,0 млн. теңге қаржы қаралды. Бағдарламаның ІІІ-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлінді.  Бөлінген қаржыға аудан бойынша 18 кәсіпкерлік субьектілеріне 69 адам жұмысқа жолданып, 12 млн 590 мың теңге игерілді, - дейді аудан басшысы.
    Айта кетейік, жастар тәжірибесіне республикалық және жергілікті бюджеттен 100 адамға 32 млн 118 мың теңге қаралған.  Жыл басынан 109  жас маман 59 мекемеге жолданып, 28 млн. 524 мың теңге игерілді. 15 адам тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде 1 адам мүмкіндігі шектеулі.  


21 қараша 2017 ж. 172 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области