Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӘУЛІК ЗОНАЛАРЫ БОЙЫНША ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТАРИФТЕР ЖОЙЫЛДЫ

ТӘУЛІК ЗОНАЛАРЫ БОЙЫНША ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТАРИФТЕР ЖОЙЫЛДЫ


    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 34-VI Заңымен «қоғамдық маңызы бар нарықтар» ұғымы енгізілді және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 124-5 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Бағаларды мемлекеттік реттеу электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуісаласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
    Қазіргі таңда Қызылорда облысында энергиямен жабдықтау қызметін 3 энергиямен жабдықтау ұйымдары көрсетеді, атап айтқанда:
    - Қызылорда қаласы тұтынушыларына қызмет көрсетуаумағымен«Энергосервис» ЕЖШС-і;
    - Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Сырдария және Қармақшы аудандары тұтынушыларына қызмет көрсету аумағымен «Шиелі Жарығы» ЖШС-і;
    - Арал және Қазалы аудандары тұтынушыларына қызмет көрсету аумағымен «Дәулетэнерго» ЖШС-і.
    "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі №89-VI Заңына сәйкес, тұтынушылардың барлық санаттары үшін (жеке және заңды тұлғалар) электр энергиясына тәулік зоналары бойынша сараланған тарифтері жойылды.
    Сонымен қатар, жеке тұлғалар электрэнергиясы үшін тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлейді, яғни 70 кВт-қа дейін, 70 тен 150 кВт-қа дейін, 150 кВт-тан жоғары.
    Бұдан басқа, есептеу аспаптарын жеке тұлғаға да, заңды тұлғаға да ауыстырудың қажеттігі жоқ.
    Осыған орай, энергиямен жабдықтау ұйымдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Заңнама нормаларын сақтауға міндетті.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
    Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
     Қызылорда облысы бойынша департаменті

20 қараша 2017 ж. 94 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области