Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚУ ОРНЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

ОҚУ ОРНЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

    Жуырда Қызылорда қаласы гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің оқу-жаттығу алаңында болды.
    Іс-шара барысында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Зұлқарнай Салмырзаұлы колледж студенттеріне төтенше жағдай туындаған кезде және адам зардап шеккен кезде қолданылатын әр түрлі қауіпсіздік, апаттан құтқару құралдары мен құтқарушы көліктерін таныстырды
    Сонымен қатар, студенттер адамдарды жер сілкінісінен кейін үйінді астынан, қар үйіндісінің арасынан жылдам таба білетін құтқарушы иттердің жаттығуларын өз иелерінің бұйрықтарын бұлжытпай орындайтынын тамашалады. Колледж студенттері осындай іс-шаралар олар үшін өте қызықты және танымды екенін айтып, алғыс білдірді.
    Сондай-ақ,студенттерге Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқуға түсу және қабылдау ережелері мен білім алу шарттары туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,институттың тыныс тіршілігі туралы толық ақпарат берілді. Іс-шараға 13 студент және 1 мүғалім қатысты.
    Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы


20 қараша 2017 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области