Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ


    18-19 қараша күні Қызылордада "QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАҢҒЫРУ" атты ХІІI жастар форумы өтті. Форумда жастар көшбасшылары және еліміздің өзге өңірлерінің белсенділері қатысты.
    Форумның пленарлық отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды қолдауға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.
    «Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жол картасы» мен кешенді жоспарлар қабылданып, 60-тан астам әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Қызылорда облысы  - республика бойынша жастар саясатына қаржы бөлуден бірінші орында.
    «Үстіміздегі жылы облыстағы 6000 мектеп түлегінің 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Біз үшін 97% - бұл білім саласының жетістігі, балаларымыздың жарқын болашағы ғана емес, олардың маргинал жастар қатарын толықтырмайтынына, өмірде өз орнын табатынына деген сенімділік", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.
    Сонымен қатар, пленарлық отырыста саясаткер Айдос Сарым, Халықаралық ақпараттық технология университетінің проректоры Раис Өскенбаева және "Инновациялық технология Паркі" автономды-кластер қорының басқарушы директоры Әлжан Бірәлиев қатысып, өз пікірлерін айтты.
    Форум аясында "ХХІ жаңа шақыртулары" және "Қоғамдық ой-сананы жаңғырту" секция отырыстарына спикер ретінде облыстағы жаңа технология және әлеуметтік саланың сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, Форум делегаттары аймақтың Жастар ресурстық орталығын көріп, жұмысымен танысты.
    Атап өту керек, облыстық Жастар ресурстық орталығы жобалық басқару жүйесімен жұмыс істейді. Жыл басынан бері мемлекеттік шығынсыз 12 бағыт бойынша жобалар жүзеге асуда.
    Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, онда коворкинг-орталық, психолог кабинеті, түрлі спорт секциялары ашылған. Сонымен қатар, орталықта ағылшын тілі, компьютер және құқықтық сауаттылық, бейнетаспагер курстары бар. Бүгінде 300-ден астам жас қосымша даярлық курсын бітірді.
    Келер жылы Сырдарияның сол жағалауынан "Жастарға қызмет көрсету орталығы" пайдалануға беріледі.
    Форум аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстанның 7 өңірінен келген командалардың қатысуымен облыс әкімінің Кубогына арналған республикалық "Жайдарман" ойыны өтті. Қызылорда ойыншылары алғашқы үштікке енді ("Қызылорда" командасы, 3 орын), Ақтөбе ("Фемида", 2 орын) және Батыс Қазақстан ("Грант", Орал қ., 1 орын).  
    Айта кету керек, 2013 жылы облыста дарынды жастар мен тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларының балаларына аймақ басшысының арнайы білім гранттары беріліп келеді. Бүгінде оны 694 түлек иеленді. Сонымен қатар, "Серпін" бағдарламасы бойынша  4 мың қызылордалық жас білім алуда.
    Ерекше атап өтетіндігі, облыстың 452 мектеп түлегі Ресей Үкіметінің жетекші техникалық оқу орындарының гранттарына қол жеткізді. Келер жылы 76 жас  оқуын бітіреді. Олардың жұмысқа орналастыру бойынша мәселе туындамайды.






20 қараша 2017 ж. 168 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области