Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әдеп жөніндегі уәкілдер арасында жыр эстафетасы өтіп жатыр

Әдеп жөніндегі уәкілдер арасында жыр эстафетасы өтіп жатыр

Қызылордада Елбасының Жарлығымен міндеттері айқындалған Әдеп жөніндегі уәкілдер арасында «Сыр елі – Жыр елі» атты эстафета басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Аталған эстафета «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жыр керуенін бастаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Берікбол Байхожаев өзінен кейінгі эстафетаны Арал ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрмұхамет Бохаевқа жолдаған болатын.
«Елбасы өз мақаласында «...Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп атап өтті. Осыған орай біз Сыр өңірінен шыққан ақын, жырау, шайыр, билерді дәріптеуді, олардың әдеп, халыққа қызмет, ел басқаруға қатысты өлеңдерін және нақыл сөздерің насихаттауды мақсат етіп отырмыз. Қазіргі таңда облыстағы әдеп жөніндегі уәкілдер бір-біріне эстафетаны жолдап, бабаларымыздың жырларын, сыр сөздерін айтуда", - дейді департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берікбол Байхожаев.



06 желтоқсан 2018 ж. 39 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области