Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы жастары «Zhas Project» жобасына белсенді қатысуда

Қармақшы жастары «Zhas Project» жобасына белсенді қатысуда


Қармақшы ауданында «Жастар жарқын болашаққа» атты аудандық жастар форумы болып өтті.
Форум барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев алғы сөз сөйлеп, аудан жастарының атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ 10 аталым бойынша жыл үздіктерін марапаттады.
Форумда Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергенов, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облысы филиалының төрағасы Т.Тілес, аудандық оқушылар үйінің «Робототехника» үйірмесінің белсенді қатысушысы, облыстық байқаулар жеңімпазы А.Тоқмырза сөз сөйледі.
Шара барысында Қармақшы аграрлы техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері, қоғам белсендісі А.Досболов аудан жастарының үндеуін жариялады.
Мұнан соң форумға қатысушылар «Zhas Project» жобасы жеңімпаздарының және аудандық оқушылар үйінің «Робототехника» үйірмесінің көрмесін тамашалады. Айта кету керек, Қармақшы ауданынан «Жастар корпусын дамыту» жобасы бойынша 13 жоба жеңімпаз болып танылған. Оның 3 жоба ауыл шаруашылығы саласы, 5 жоба ұлттық қолөнер, 2 жоба балалар ойын-сауық орталығы, тағы 2 жоба тамақ өнімдері бойынша болса, 1 жоба негізінде сән салоны жұмысын бастаған.
Форумда «Кәсіпкерлік бағытында және IT технологиялар», «Жастар саясаты және
жастар ұйымдары» тақырыптарында секциялық жұмыстар өтті. Секциялық жұмыстар әрі қарай жастар форумның пленарлық отырысына жалғасты.




29 қараша 2018 ж. 333 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области