Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІЛІК КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА КӘСІПТЕРІН ӨРЛЕТУДЕ

ШИЕЛІЛІК КӘСІПКЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА КӘСІПТЕРІН ӨРЛЕТУДЕ


    Өңірлік коммуникация қызметі Шиелі ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Өрлеу» бағдарламалары бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру үшін баспасөз-турын ұйымдастырды.
    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты қысқа мерзімді кәсіптік оқу болып табылады.
    Осыған орай, биыл Шиелі ауданында түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстар ашылған. Осы жылғы 1 маусым 2 қараша аралығында 379 аудан тұрғыны оқуға жолданып, сертификат алды.  
    Бағдарламаға қатысушыларға ай сайын 21786 теңге шәкіртақы, жатын орынға 11345 теңге материалдық көмек және жол жүру шығындары үшін 9076 теңге (бір реттік төлем) төленді.
    Бағдарлама аясында Телікөл ауылдық округінің тұрғыны Нұрдәулет Нұрмағанбетов "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 10 млн. теңгеге 58 бас сиыр алып, бүгінде мал шаруашылығын дамытуда.
    Сондай-ақ, Әбек Әзиз Әлібекұлы да "Қызылорда" инвестициялық орталығы арқылы 2 млн. теңге несие алып, бетон өнімдерін шығаратын цех ашты. Қазіргі таңда, жас кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
    Кәсіпкерлер мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға өз алғыстарын жеткізді

17 қараша 2017 ж. 291 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области