Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар Елбасы мақаласы туралы пайымдарын айтты

Ғалымдар Елбасы мақаласы туралы пайымдарын айтты

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында жарияланған мақаласын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемелекеттік университетінің ұжымы талқылады.

Жиынды ашқан аталған білім ордасының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Бахытхан Абдикаримов Елбасы мақаласында келтірілген мысалдарды назарға алып, маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеевтің айтуынша, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл көп жылдан бері еліміздің ұлттық тарихын жазудағы жұмыстардың жемісі.
«Бұл халқымыздың 7 қыры – алда жазылатын тарихтың 7 үлкен тарауы. Себебі, мұнда көне замандар, қола дәуіріндегі металлургия саласы, сақтардың дала көшпенділерінің аңдық стилі, түркілердің империясы туралы, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар туралы айтылады. Бұл біздің бүгінгі тарихты қарай отырып, көне тарихтан сабақ алу болып табылады. Елбасы бұл мақаласы арқылы қай бағытта қалыптасу керектігін көрсетіп берді», – дейді ғалым.
Университеттің философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Оңғар Бермаханов «Архив-2025» бағдарламасына қатысты пікірін айтып, қолдау білдірді.
Кездесу барысында университет ғалымдары Елбасы мақаласын жүзеге асыруға атсалысатындықтарын жеткізді.
21 қараша 2018 ж. 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области