Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Зайырлылық - қоғамдық келісім кепілі»

«Зайырлылық - қоғамдық келісім кепілі»


Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының конференц залында "Зайырлылық - қоғамдық келісім кепілі" тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, «Шымкент епархиясы
Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмының приходы» православие шіркеуінің настоятелі В.Ивашинин, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, исламтану ғылымы бойынша PhD докторы Қ.Құрманбаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті С.Оразбай, психология ғылымдарының кандитаты А.Аяғанова, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, облыстық, қалалалық, аудандық ішкі саясат басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, АТТ мүшелері, учаскелік және ювеналдық полицейлер, «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, оқу орындарындағы қыздар клубтарының жетекшілері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері, ардагерлер, белсенді жастар қатысты.

Конференцияда ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Исламдағы толеранттылықтың рөлі мен маңызы» тақыбырын жан-жақты ашып айтты. Одан соң «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев «Деструктивті ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңызы» тақырыбында баяндама жасап, діни білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Сержан Оразбай Дінтану негіздерін оқытудың маңызы жайында әңгімелеп, жиналғандарға аталған пәннің жауапкершілігін түсіндірді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов республикалық конференцияның негізгі мақсаты жайлы әңгімелеп, еліміздің дін саясатына қатысты ұстанымы туралы сөз етті.
«Деструктивті діни ағымдардың алдын алудағы мемлекеттік органдардың ролі» және «Дінаралық келісімді жетілдіру жолындағы қазақстандық моделінің қалыптасу жолдары» тақырыптарында 2 секцияға бөлінген отырыс одан әрі пленарлық мәжіліспен сабақтасты.
Жиын соңында ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының «Мәзһабсызбен сұхбат» кітабының тұсауы кесіліп, кітапхана қорына табыс етілді. Сондай-ақ жыл бойына мемлекеттің дін саласындағы саясатын насихаттауда аймақта белсенділік танытқан АТТ мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер марапатталды.




21 қараша 2018 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области