Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТЕҢІЗДІ АУДАНДА ТҮЛІК ТҮРІ КӨБЕЙДІ

ТЕҢІЗДІ АУДАНДА ТҮЛІК ТҮРІ КӨБЕЙДІ


    Кеше Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен жыл соңына дейінгі атқарылатын міндеттер бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
    Ауыл шаруашылығы саласында 2 толық серіктестік,  8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Сонымен қатар, 449 шаруа қожалығы тіркелген.
    Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 3527,0 млн теңгені құрап,  нақты көлем  индексі 106,0 пайызды құрады. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2597,2 тонна ет,  6201,6 тонна  сүт, 78,4 мың дана жұмыртқа дайындалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  сүт 1,8 пайызға, ет 2,4 пайызға өсіп, жұмыртқа 8,3 пайызға төмендеген.
    Биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 47242 бас мүйізді ірі  қара, 103417 бас қой мен ешкі, 27451 бас жылқы және 25629 бас түйе бар.
    Теңізді аудандағы түлік түрлері өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен.  

17 қараша 2017 ж. 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области