Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыстық медиаторлар слеті

Облыстық медиаторлар слеті

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өңірде алғашқы облыстық медиаторлар слеті өткізілді.

Оған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Сайлаубай Әбішев, қалалық және аудандық кәсіби медиация ұйымдарының өкілдері мен қоғамдық медиаторлар қатысты.
Шара барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев облыстағы медиация институтының даму барысы туралы тоқталды.
Слет аясында Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Сайлаубай Әбішев, «Бітім» медиация орталығының тренер-медиаторы Ләззат Бақтыбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор Жанат Исаева хабарлама жасап, өз ұсыныстарын енгізді.
Сонымен қатар, өңірдегі медиация институтын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, 2017 жылы өңірде 48 кәсіби және 343 қоғамдық медиатор тіркелген болса, 2018 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша қаладағы және аудандандарғы кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімін қайта жасақтау, тексеру жұмыстары нәтижесінде 57 кәсіби және 615 қоғамдық медиатор тіркелген.



21 қараша 2018 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области