Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда «Coworкing» орталығы ашылды

Қармақшыда «Coworкing» орталығы ашылды

Қармақшы ауданының орталық кітапханасында «Coworкing» орталығы ашылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова қатысты.

Орталықта жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қажетті барлық жағдай жасалынған. Мәселен, «Coworking» орталығында WI-FI-ды кітапхана пайдаланушылары тегін пайдалана алады. Электронды жұмыс орны бар, сонымен бірге түрлі дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинар-тренинг, шеберлік сыныбын өткізуге және қызықты кітаптар мен журналдар оқып, ойын ойнауға, теледидар көруге болатын релаксация аймағы жұмыс істейді.
Айта кету керек, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртуды қолға алды. Оларды заманға сай «Coworкing» орталық ретінде қайта құруда. Бұл жоба кітапханаларды тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинар, тренинг, дәріс өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығына айналдыруды көздейді.
20 қараша 2018 ж. 268 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области