Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚТАҒЫ ІРГЕЛІ ОҚУ ОРНЫ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

АЙМАҚТАҒЫ ІРГЕЛІ ОҚУ ОРНЫ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ


    Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдығы  аясында «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен  перспективалары" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Корея, Бельгия, Түркия және тағы басқа мемлекеттерден келген білім беру мекемелері жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.
    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтағы іргелі оқу орнын қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы университеттің жетістіктерін атап өтті, жұмыстарына табыс тіледі.
    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев адами капиталдың құндылығын жақсартуға, ең алдымен жастардың білім деңгейін көтеріп, бәсекеге қабілетті маман даярлауға аса мән береді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті алдағы уақытта да бұл құрметті миссияны абыроймен атқаратынына сенімдімін, - деп атап өтті аймақ басшысы.
    Айта кетейік, мерекелік бағдарлама белгілі ғалым-математик Асан Дабысұлы Таймановтың 100 жылдығы құрметіне ұйымдастырылатын "Тайманов оқулары" шарасымен жалғасатын болады. А.Тайманов 1947 -1954 жылдар аралығында университеттің жоғары математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
     Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей институтын Қызылордаға көшіру нәтижесінде құрылған. 1998 жылдың 24 наурызында Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын біріктіргеннен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Қазіргі таңда университетте 4649 студент, магистрант және докторант оқуда, оқу ордасында 7 факультет және 30 кафедра жұмыс істейді.





17 қараша 2017 ж. 220 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области