Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ШЫҒАРЫЛАДЫ

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІ ШЫҒАРЫЛАДЫ


    Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтіп жатқан баспасөз конференциясында белгілі болды. Жоба мердігері «Orda Glass» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаевтың айтуынша аймақ экономикасына серпін беретін алып жоба мыңға жуық адамды жұмыспен қамтымақ. Олардың екі жүзге жуығы зауыттың өзінде еңбек етеді. Ал, қалғандары шыны шикізаты - кальцийлендірілген сода шығаратын зауытта жұмыс істейтін болады.
    Бүгінде зауыт жабдықтарының 96 пайызы Еуропа және АҚШ тан жеткізілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың 1 жартыжылдығында толығымен аяқталады. Күйдіру пештеріне жылы температура қажет. Соған орай, көктемде 3 ай бойы пеш қыздыру жұмыстары жүреді. Ал, алғашқы өнім 2018 жылы Астана күнінде шығарылады.
    – Қытайлық China Triumph компаниясы зауыт аумағынан күн панельдері, смартфон, планшет өндірісіне қажетті әйнек шығаратын өндіріс орнын ашуға инвестиция құюға әзірлігін білдірді. Осылайша, Қызылорда өңірінде шыны кластері құрылатын болады, - деді Ержан Сағымбаев.

18 қазан 2017 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области