Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының аумағында жүк поезды рельстен шығып кетті

Қызылорда облысының аумағында жүк поезды рельстен шығып кетті

16 вагон рельстен шығып кетті, зардап шеккендер жоқ.

12 қараша сағат 23:40 шамасында Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің кезекші қызметкерінен Қазалы-Арал бағытындағы Арал ауданына қарасты "Қамыстыбас-Шөміш" аумағының 2426 шақырымында ПК-7 П-1273 жүк поезы рельстен шыққаны туралы хабарландыру түскен, апаттың себебі анықталып жатыр.
ТЖД мәліметіне сәйкес, машинист Б.Баймаханов басқарып отырған ТЭЗЗА-0137 тепловозы тежегіш магистралінде қысым төмендеуіне байланысты 73 шақ./сағ. жылдамдығымен келе жатқан бойда сағат 23.05 жедел тоқтау жасаған.
Поезд құрамын қарау барысында поездың бас жағында 6-21 вагондары рельстен шыққаны анықталды (құрамында 45 вагоны бар жүк поездының 16 вагоны аударылған, жүгі анықталуда). Адам шығыны жоқ.

Қазіргі таңда оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ апатты-құтқарушы қызметтерінің 70 қызметкері (оның ішінде 2 қалпына келтіру поезды), ТЖД, сондай-ақ, Арал және Қазалы аудандары әкімдіктері мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының 25 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан 3 жолаушы поезды тоқтап тұр, атап айтқанда:
1)Қазалы станциясында № 481 «Ташкент-Самара» поезды;
2)Арал теңізі станциясында № 378 «Маңғышлақ-Алматы» поезды;
3)Сексеуіл станциясында № 618 «Қызылорда-Астана» поезды.
«Алматы-Маңғышлақ» жолаушы поездында 723 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 39 бала, «Қызылорда-Астана» поездында 191 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 40 бала, «Ташкент-Самара» поездында 183 жолаушы, оның ішінде 13 бала бар. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, жергілікті полиция қызметінің күшімен 3 поезд жолаушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
«Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан келесідей шаралар қабылданды: рельсте жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жолаушы поездар Арал және Қазалы станцияларында тоқтап тұр. Аталмыш поездағы жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлер жұмылдырылған. Поезд ішіндегі ауа райын сақтауға қажетті қатты отын қоры жасақталды. Зардап шеккен жолаушылар жоқ. Дегенмен, өрт сөндіру техникасы мен жедел жәрдем көлігі арнайы кезекшілікке қойылды. Сонымен қатар, жақын маңдағы елдімекендердегі медициналық бекеттер қажет болған жағдайда адамдарды қабылдауға дайын», - деп мәлімдеді облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.



13 қараша 2018 ж. 498 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области