Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы театр ұжымы халықаралық фестивальде 3 номинацияға ие болды

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы театр ұжымы халықаралық фестивальде 3 номинацияға ие болды

Талдықорған қаласында Астана қаласының 20 жылдығы мен мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Қазақстан және Орталық Азия елдерінің VII Халықаралық театрлар фестивалі өтті.
Фестивальге Башқұртстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінің театрлары және Қазақстаннан бірнеше театр ұжымдары қатысты.
Фестиваль аясында Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнер жанашыры Темірбек Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Сондай-ақ, шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, Темірбек Жүргеновтің өміріне арналған деректі фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті.
Аталмыш фестивальге Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасымен қатысты. Спектакльді қойған режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х.Әмір-Темір, суретшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Пірмаханов.
Өнер додасының қорытындысы бойынша халықаралық фестивальдің тақырыптық айнасын ашқан, Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» драмасы үш бірдей номинацияға ие болды. Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымы «Ұлттық авторлардың үздік драмасы» номинациясымен, Темірбек Жүргеновтің әкесі Қара рөлін сомдаған Бақытбек Алпысбай «Үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» номинациясымен және Сырым Әбдразақов бас кейіпкердің бейнесін үздік сомдағаны үшін «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.                                                




08 қараша 2018 ж. 28 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области