Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жадыны жаңғырту жедел жүргізілгені жөн

Жадыны жаңғырту жедел жүргізілгені жөн

Барлығымызға белгілі жәйт кешегі бодан кезеңде отарлаушылар тарапынан қасақана жүргізілген ұлттық сананы тұмшалау атты сұрқия саясат мыңдаған жылдық тарихи жадымызды жойып, өткенімізді ұлт санасынан өшіріп тынып еді. Нәтижесінде қазақ ұлты, қазақ халқы өзінің бір кездегі жасампаз бейнесінен бір сәтте бейшара қалыпқа еніп, сан ғасырлар бойы үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келген мәдени-рухани қазынамыздан қол үзіп тындық.
Соңында бүгінгі көпшілік үшін өзіміздің асылымыз қаңсық, өзгелердің қаңсығын таңсық көретін сормаңдай халге душар болдық.
Мәдениет пен өркениетте еуроцентристік көзқарас, ал, сенім мен дінде панарабистік идеологияның шырмауына шыланып, шыға алмай қалдық. Бізден басқалардың құндылығы баянды ал, біздегі барлық құндылық баянсыз, мәнсіз, мағынасыз дүниеге айналып шыға келді.
Әйтпесе, осыдан небәрі 500 жыл бұрын ғана өнер, мәдениет, ғылым-білімде әлемді тітіркеткен азулы ұлт болғандығымыз бүгінгі сіз бен бізге аңыз әңгіме секілді естілмес еді-ау.
Қайран бабалар құрған алып қағанаттар, өркениеттер мен мәдениеттер алауыздықтың әсерінен аз ғана жылда қабырғасы сетінеп, соңында сақлаб атты соңғыларға жем болып тындық.
Өткенге салауат. Болашағымызды баянды, егемендігімізді бекемді ету үшін ендігі қазаққа тек ауызбіршілік, ынтымақ керек. Сонда ғана елдігімізді мәңгілікке ұластыра алмақпыз.
Ол үшін әуелі тарихи жадымызды жаңғырту кезек күттірмес жұмыстардың алды болмақ. Бұл туралы Елбасы да аталған мақаласында арнайы тоқталып, тиісті шаралар, бағдарламалар жоспарын құрып берді.
Сонымен, тарихи жады қайтсе жаңғырмақ? Ол үшін өткенімізді, қандай халық, ұлт, мемлекет болғандығымызды білмек керек. Қазіргі түсінікке сәйкес, қазақ хандығы және мемлекеттілігі тек 1456 жылы ғана екі сұлтанның әрекетінен кейін құрыла қалып, дүниеге келген жоқ. Бұл кезеңге дейін де қазақ халқы дүниешарын дүбірлетіп, талай-талай халықтарды, хандықтарды, қағанаттарды қалтыратып, дірілдетіп әлемге өз билігін жүргізген үстем ұлт ретінде танылып келді. Айдарымыздан жел есті. Тәңірдің қамшысы, жаратқанның қаһары атанды. Діннен, тура жолдан тайған ұлтты, халықты, қауымды көшпелі көне қазақтардың сесі мен қорқыту тәсілі де болды кезінде. Бұны ежелгі мысыр папирустарында, діни әфсаналардағы әңгімелерден оқып, біліп, қайран қалған тарихшылар мен ойшылдар амалсыз мойындап, өз еңбектерінде айтып та жазып та келеді.
Көне қазақтардың мемлекеттілігі сонау Үнді, Иран, Грек, Мысыр мемлекеттілігінен де ары асып жығылатындығын батыс тарихшылары бүгінгі таңда ішінара мойындап, өзіндік пікірлерін білдіріп, ғылыми жаңалықтарына енгізіп жатқан жайы бар.
Халқымыз әр замандарда әртүрлі атпен мемлекет құрып отырды. Мысалы бүгінгі Мысыр елі өзінің 5 мыңжылдық тарихында мемлекетті басқарған әр әулеттің тұсында елдің аты сол әулеттердің атымен байланысты аталып отырған. Мысырды өз тарихында 31 әулет басқарғанын есептер болсақ, мемлекет атауы да осыншама рет өзгергенін аңғару қиын емес.
Қытайлықтар да сондай. Мысалы, бүгінгі қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы әр заманда әртүрлі Ся,Шан,Чжоу,Цин,Хань, Цзинь,Суй,Тан,Ляо,Сун, Юань, Мин т.б мемлекеттер атауымен аталып келді.
Бірақ, бұл мемлекеттердің барлығында да тек Қытай ұлты өмір сүрді деген түсінік бар және ол дұрыс.
Біздің халық та сондай әр дәуірде әртүрлі билеуші әулеттің негізінде өз мемлекет, хандық, қағанатының атауын түрліше атап келді. Бізде де солай билеуші әулет әртүрлі болғанымен, мемлекетті һәм хандықты, қағанатты құраушы ұлт біреу-ақ болатын-ды. Ол, түркі текті бүгінгі қазақтың құранды рулары көне қазақ тайпалары еді.
Түркістан, Қоқан, Моғолстан, Мәуреннахр, Ақ орда, Алтын Орда, Шыңғысхан кезеңі, Оғыз, Қыпшақ, Түркеш, Қарахандар, Ғазнауилықтар, Қимақтар, Хазарлықтар, Бұлғарлар, Мадиярлар, Орхон-Енесей бойын ен жайлаған Екінші Түрік қағанаты, Бірінші Түрік қағанаты кезеңдері, үйсін, ғұн, скиф-сақ, кемер, мидиялықтар заманы. Одан арғы тәңірі текті Тарғытай бабамыздың әфсаналық дәуіріне ұласып, Қосөзен яғни, Ефрат пен Тигр арасын жайлап өздерін «сақ-ікі» деп атаған шумерліктер, Гомер жырындағы Троялықтар, ежелгі Рим қаласының негізін қалап, Апенин түбегін жайлаған этруск меніңше ертүрік аталатын тайпалардың, хандықтардың, сондағы ұлттар мен ұлыстардың негізгі ата-тегі, түп-тамыры өзіміздің бүгінгі қазақ халқының, Қазақстандағы іргелі ру-тайпалардың түп-тұқиянымен бірге қосылып, тамыр тартатынын қазіргі әлем тарихшылары әлдеқашан мойындап қойды. Тек біз ғана бұған әлі де болса сене алмай, қайран қалып мойын бұрмай келе жатырмыз.

Н.ПІРІМБЕТ.
08 қараша 2018 ж. 33 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области