Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге «Кәсіптік білім және бизнес» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Бизнес-тренер А. Жолдасбеков өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарға, кәсіптік бағыт-бағдар бере отырып, шағын несие алу жолдары туралы мағлұмат берді.
Сонымен қатар кәсіпкерліктің негізгі қағидаттары, психологиялық дайындық, маркетинг, бизнес жоспарлау, кәсіпкерліктің құқықтық негіздері тақырыптары қозғалып, слайд көрсетілді.
Тренинг соңында болашақ кәсіпкерлерге кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес сабақтары 2018» оқулығы, кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті нормативтік құжаттар мен келісім шарттардың жасалу үлгілері жинақтары бар арнайы электронды тасымалдағыш таспалар тапсырылды.



08 қараша 2018 ж. 76 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области