Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАҢҚТЫ ҚОЛБАСШЫ – БҰҚАРБАЙ ЕСТЕКБАЙҰЛЫ

ДАҢҚТЫ ҚОЛБАСШЫ – БҰҚАРБАЙ ЕСТЕКБАЙҰЛЫ

Бұқарбай Естекбайұлы – Қазақ халқының батыры, шешен, даңқты қолбасшы, Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардарларының бірі 1822 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қараөзен бойында туған. Кіші жүздегі Табын руының теке аталығынан шыққан.
Кенесары Қасымұлына қосылғанға дейін Қоқан бектерінің ықпалында болған. Бұқарбай Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты. 1850 жылы Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, казак-орыстар мен қоқандықтарды жеңді.
Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқарбай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25 – 30 км) қаздырған. Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулерінде, жазушы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында, зерттеуші Қ.Бердәулетовтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан.



08 қараша 2018 ж. 66 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области