Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП


    Әлемде 4 млрд. 200 млн. астам адам латын әліпбиін қолданады екен. Бұл жер шарын мекендеген мемлекеттердің 60 пайызы қызмет барысында латын әліпбиін қолданысқа енгізгенін білдіреді. Яғни, халқымыздың латын қарпін қолдануы – өркениет көшіне ілесудің негізі, уақыт талабы.
    Түптеп келгенде, бұл мәселе бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бәрімізге белгілі, Елбасы Н.Ә.Назарбаев егемендікке қол жеткізген алғашқы жылы-ақ латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтқан болатын. Бірақ, бұл мәселе өте өзекті болғандықтан асығыстық танытуға болмайтыны тағы белгілі еді. Сол себепті, Тәуелсіздік жылдарында ғалымдар мен тіл мамандары зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ортақ шешімге келді. Соған сәйкес, үстіміздегі жылы Елбасының Жарлығымен латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылданып, кезең-кезеңімен қолданысқа енгізу бағытында жұмыстар басталып кетті.
    Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшудің бірқатар артықшылықтары бар екенін қалың жұртшылық мойындай бастады. Атап айтқанда, артық әріптерден арылу, түркі халықтарының мәде¬ниеті мен әде¬биетінен хабардар болу, ғаламтор жүйесін еркін меңгеру, өзге елде тұратын қандастарымыздан тұрақты ақпарат алу секілді мүм¬кіндіктерге жол ашылмақ. Сонымен бірге, үштілділік саясатын жүргізуге де септігін тигізеді. Сол себепті, қоғамның қозғаушы күші – жастар мен экономикалық белсенді халық бұл бастаманы толық қолдап отыр.
    Жалпы, латынға көшу арқылы рухани байлығымыз цифрлық технология тілінде одан әрі жетіле түседі. Бір сөзбен айтқанда, артықшылығы мол аталған реформа рухани жаңғырудың берік іргетасы.
    Айнұр СЕЙІЛОВА,
    №59 орта мектептің
    бастауыш сынып мұғалімі,
     Қарақұм ауылы,
    Арал ауданы.

16 қараша 2017 ж. 229 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области