Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРДІ


    Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Біліктілік орталығы» ЖШС республикамыздың барлық өңірлерінде «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің  тауарлы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару негіздері» тақырыбында оқыту семинарлары өткізуде.
    Мұндай шара Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен облыс бойынша 7 аудан мен Қызылорда қаласы аумағында өткізілді.
    Семинарларға ауыл шаруашылығы кооперативтерінің төрағалары мен мүшелері, ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары,  ветеринария  бөлімдерінің  және мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қатысты.
    Семинар барысында АШК құрудың құқықтық негіздері мен жұмыс жүргізуі, кооператив қызметінің экономикалық тиімділігі,  салық салу жүйесі бойынша қызметін жүргізу ерекшеліктері, мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.
     «Семинарда дәрісті Біліктілік орталығының сарапшылары Нұрадин Әлібаев пен Айтуған Шәріпұлы және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Дәулет Ғаниев жүргізді. Семинар қорытындысында 400 тыңдаушыға арнайы сертификат берілді. Ауыл адамдары үшін сала мамандарының өздері келіп, оқытқаны өте тиімді болып отыр. Себебі, қомақты қаржыны қажет ететіндіктен ауыл шаруашылығы саласының мамандары біліктілігін көтеру үшін арнайы барып оқи бермейді. Ал бұл семинарлар тегін, - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова.

16 қараша 2017 ж. 117 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области