Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР

ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА ТҰР


    Соңғы 10 айда елімізде 8 млн 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артық.
    Осылайша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жылдық жоспары 87 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.
    Оның айтуынша, биыл әкімдіктерге бөлінген 25 млрд теңгенің 93 пайызы игеріліп, нәтижесінде тағы 6 мыңға жуық пәтер салынып жатыр. Оның жартысы жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.
    60 мың жер теліміне желілер тартылу үстінде. Ал жеке құрылыс компаниялары ұсынған 35 жобаның 18-іне субсидия берілетін болды. Жобалардың жалпы құны 24 млрд теңгеге жуық. Айта кетейік, баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан  өңірлер санатында Маңғыстау, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары көш бастап тұр.
    – Ипотека беруді бесінші бағыт қабылданған болатын. Біз биыл 120 млрд теңгеге 8 мың кредит беріледі деп жоспарлағанбыз. Бірақ енді жобаланғандай болмай отыр. 790-нан кредит алушы арыз берді. Енді бұл жұмыс осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап толыққанды іске қосылды деп айтуға болады, – дейді ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы  Мархабат Жайымбетов.

16 қараша 2017 ж. 183 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области