Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЛМЕНБЕТ БАТЫР САЯБАҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЛМЕНБЕТ БАТЫР САЯБАҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ


Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жаңғыртылған Келменбет батыр саябағының ашылуы мен Қармақшы ауданы шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті өтті.
Келменбет батыр ескерткішінің айналасындағы аумақ абаттандырылды. Онда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру жұмыстары жаңартылды. Ескерткіш қойылған аумаққа брусчатка төселіп, бордюрлер қойылды және орындықтар орнатылды. Бұл жөндеу жұмыстары демеушілер көмегімен жүргізілді.
Сондай-ақ, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қармақшы ауданы шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Онда қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, Қармақшы ауданының қоғам қайраткерлерімен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, қала мерейтойына орай Қызылордада аудандардың шығармашылық ұжымдарының концерттері және жаңғыртылған нысандардың таныстырылымы өткізілуде.




02 қараша 2018 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области