Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ


    Қызылорда қаласының №2 сотында Қылмыстық Кодекстің 188-бабының, 2-бөлігінің 1-тармағымен қарастырылған құқықбұзушылық жасағандары үшін азамат М-ға және А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
    2017 жылы қыркүйек айының ортасында, азамат М. өзінің сыбайласы А-мен бірге өздері жалданып жұмыс істеп жүрген құрылыс ғимараты ішінде бөтен адамдардың жоқтығын пайдаланып, жалпы ұзындығы 53 метр болатын бір бума линолиумын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап, линолиумды көлік жуу орталығына апарып 4000 теңгеге сатып жіберіп, жәбірленуші М-ға 63 000 теңге мүліктік залал келтірген.
    Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.
    Аталған келісімге аясында, азамат М. мен А. жәбірленушіден кешірім сұрап, материалдық залалды толықтай өтеп, жәбірленушімен татуласты. Сотта сотталушылар азамат М. мен А. өз кінәларын толығымен мойындап, өкініп, медиация тәртібімен татуласу келісімін толықтай орындағанын айтып, соттан істі қысқартуды сұрады.
    Сот ҚР ҚК-нің 188-бабының, 2- бөлігінің 1-тармағымен азамат М.мен А-ға қатысты қылмыстық істі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты сот өндірісін қысқартуға қаулы етті.
    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
    Қызылорда қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі

16 қараша 2017 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области