Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЕGOV.KZ САЙТЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК ТӨЛЕМІН АЛУ ҮШІН ХҚКО-НА ЖҮГІНУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЕGOV.KZ САЙТЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК ТӨЛЕМІН АЛУ ҮШІН ХҚКО-НА ЖҮГІНУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік коғамымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп «Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат» электрондық сервисін іске қосты.
Биылғы жылдың соңына дейін электрондық сервиске «Электрондық үкімет» порталында (еgov.kz) кіруге мүмкіндік болады.
Зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлеміне (мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) құқықтық туралы ақпарат ала алады.
Азаматтарда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқығы болған жағдайда олар үшін жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына (тұрғылықты жері бойынша) барып, өтініш беру қажеттігі туралы ақпарат шығарылады.
Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпаратты осы электрондық сервистен алуға болады.
28 қазан 2018 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области