Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАЙКОНУР ИНВЕСТ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА КҮРІШ ӨНДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАЙКОНУР ИНВЕСТ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА КҮРІШ ӨНДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ


    Соңғы жылдары облыс күрішшілері мол өнім алуда. Үстіміздегі жылы аймақ тарихында бұрын-соңды болмаған 500 мың тоннадан астам күріш жиналды.
    Сонымен қатар, биыл облыста ирандық күріштің «Торем Хошеми» сорты егілді. Форум аясында Қызылорда күрішінің сортын Иран Ислам Республикасына  жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.
    Қазіргі таңда қызылордалық күріш өсірушілер өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға жұмыс істеуде.
    «Абай Даулет» ЖШС Қызылордада күріш өңдейтін зауыт салды.
    Қазіргі таңда кәсіпорында 80 адам жұмыс жасайды. Алдағы уақытта жұмысшылардың санын 100-ге дейін жеткізу жоспарлануда.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев зауыт ұжымына сәттілік тілеп, Социалистік еңбек ері Амангелді Ахметов күрішшілерге жылы лебізін жеткізді.
    «Абай Даулет» ЖШС басшысы Даулет Сарсенбаевтың айтуынша, зауытта сағатына 7 тонна астық қайта өңделеді. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс қолданылады.
    «Абай Даулет» ЖШС қой өсіру, ара шаруашылығымен, алма бауын баптаумен айналысады. Сонымен қатар, кірпіш зауыты бар.








15 қараша 2017 ж. 196 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области