Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ


    «Азаматтық бақылау» жобасы аясында азаматтарды жер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша депаратменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев және Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғ.Еркебай жүргізді.
    Қабылдауға қала тұрғындары наубайхана салу және аяқ-қиім шеберханасы үшін қосымша жер телімін беру, сот шешімі бойынша жер теліміне меншікті тану мен меншігіндегі жер телімінің шекарасын белгілеу туралы өтініштермен келді. Келіп түскен өтініштер бойынша қаізіргі уақытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

15 қараша 2017 ж. 199 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области