Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНГЕН

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНГЕН


    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлімдеді.
    - Биылғы жылы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 6 жобаны іске асыруға 349,4 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда, «Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» бойынша барлығы 1364 үйге ауыз су құбыры кіргізілді. Қазіргі таңда жобада қарастырылмаған үйлерге ауыз су желісі тартылуда. Барлығы 18 ірі елді мекендерде толықтай ауыз мәселесі шешілген", - деді аудан әкімі.
    Сондай-ақ, Сұлтан Мақашовтың айтуынша, жақын күндері Жосалы халқы көгілдір отынға қол жеткізеді.
    - Қазіргі таңда аймағымыздағы елді мекен тұрғындарын газбен жабдықтау үшін оларды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосу өз жалғасын табуда. Ол үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл күнде мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, 14,8 шақырым болатын жоғарғы қысымды газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты жүргізетін мердігер мекеме «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС. Газдандыру жұмыстарының нәтижесінде аймақтың сенімді энергетикалық базасын құрылып, тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндік береді", - деді ол.
    Ауданда білім саласына да ерекше көңіл бөлінген. Барлық білім ұяларында материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы қаралған. Ұстаздардың сандық-сапалық құрамы да басты назарда.
    - Мәселен, өткен жылы мектеп бітірген 624 түлектің 15-і жоғары оқу орындарына түсе алмады. Бүгінде оның 11-і жұмыс жасайды, 2-і әскер қатарына алынды. Тағы бір айта кетерлігі, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайыз болды. Ал, ІІІ Интернационал ауылынан 100 орындық және 25 орындық балабақша Жосалы кентінде ашылды. Сонымен қатар, биыл 2 балабақшаның және бір мектептің құрылысы басталды," - деді Сұлтан Мақашов.
    Атап өту керек, Қармақшы ауданында көптен күткен лагерь құрылысы да басталды. Биыл 500 млн теңге, келер жылы 680 млн теңге бөлінбек. Ал, 2019 жылы лагерь толықтай өз жұмысын бастайды.

15 қараша 2017 ж. 212 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области