Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАРҚЫН БАСТАМА

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАРҚЫН БАСТАМА


    Сенбі күні облыс әкімі бекіткен «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс-шара­ лар жоспарына сәйкес қала мен аудандарда «Тал күні» акциясы ұйымдастырылып, көшеттер отырғызылды.
    Бұл акцияның негізгі мақсаты – өңірімізді жасыл желекке, әрі көркейген аймаққа айналдыру. Мұны сезінген жұртшылық сенбілікке көптеп шықты. Қала бойынша 700-ге жуық адам қатысты.
    – Сенбілікке облыс бойынша 5 мыңнан астам адам қатысты. Жалпы, 12 мың көшет егілсе, соның 3 мыңнан астамы жиде ағаштары, – деді табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев.
    Аталған акцияны жыл сайын дәстүрге айналдырып, алдағы жылдарда да өткізу жоспарланып отыр. Біз сенбілікте жүргендерді де сөзге тартқан едік.
    – Туған жерді гүлдендіру, жасыл желекке айналдыру мақсатында өткізілген акцияға осы қаланың тұрғыны ретінде біз де қатыстық. Қолымызға күрегімізді алып, жерді босатып, көшет егуге дайындадық. Қыздар жағы біз қазған жерге көшеттерді тігіп отырды. Осылайша, «Тал күні» акциясына өз үлесімізді қостық. Менің өзім оннан аса жиде көшетін ектім, – деді Омар Ысқақов.
    Қара күзде ағаш отырғызу өте пайдалы. Ол қыс бойы қар мен жаңбырдың суынан нәр алып, әбден жерсінеді дейді мамандар.
    А.БЕК, «СБ»

15 қараша 2017 ж. 154 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области