Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫҒА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛЕДІ

ҚАРМАҚШЫҒА КӨГІЛДІР ОТЫН КЕЛЕДІ


    Қазіргі таңда аймағымыздағы елді мекендер тұрғындарын газбен жабдықтау үшін оларды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосу, яғни облыс халқын газдандыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
    Қармақшы ауданының тұрғындарына да табиғи газдың игілігін көруге аз уақыт қалды. Ол үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл күнде мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, 14,8 шақырым болатын жоғарғы қысымды газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты жүргізетін мердігер мекеме «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС. Газдандыру жұмыстарының нәтижесінде аймақтың сенімді энергетикалық базасын құрылып, тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндік береді.
    -  Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының динамикасына оң септігін тигізетін болады. 2015 - 2016  жылдары облыстық бюджет есебінен «Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы» жобасы рәсімделіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қажетті қаржы көлемін республикалық бюджеттен бөлу мақсатында тиісті министрліктерге бюджеттік өтінім жолданған.  Осыған сәйкес,  алдағы уақытта (2020 жылы) аталған жоба жүзеге асуы жоспарланып отыр, - дейді аудан әкімі С.Мақашов.

14 қараша 2017 ж. 167 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области